Актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей өзінің күй атасы Құрманғазы туралы айтқан сөзі үшін кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол күй атасы жайлы әзілі үшін сынға қалған еді. Актер подкаст осыдан үш-төрт жыл бұрын жарияланғанын айтты. Сонымен қатар орынсыз әзілі үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
«Қазақ тарихының тұлғасы Күй атасы Құрманғазы бабамыз турасында айтылған сөздеріме түсініктеме беруді жөн көрдім! Бұйыртса жақын арада бабамыздың жатқан жеріне барып, Құран бағыштап, ұрпақтарынан кешірім сұраймын! Бабамыздың аруағын қорлау ниетім болмаған!», — деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.