Өңірдегі экобастамаларға серпін берілді

Павлодар қаласында «AMANAT» партиясы Пав­ло­­дар облыстық филиалы жанындағы Өңір­лік экологиялық кеңестің отырысы өтті. Отырыс кеңес төрайымы Раушан Даумованың төр­ағалығымен өтті.

Жиын барысында қаты­су­шылар Қазақстан Респуб­ликасы жаңа Конституциясы жоба­сы­ның негізгі ережелерін талқылап, экологиялық күн тәртібінің маң­ыздылығын және қоршаған орта­ны қорғау ісінде қоғам мен мемлекеттің жауап­кершілігін күшейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ 2026 жылға арнал­ған кеңестің іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар өңір­дегі экологиялық бастамаларды одан әрі дамытуға, халықтың экологиялық мәдениетін артт­ыру­ға және табиғатты қорғау жобаларын қолдауға бағытталған.

Кеңес мүшелері «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағ­дарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының Павлодар облысы бойынша орындалу қоры­тындыларына ерекше назар аударды. Бірқатар іс-шараның сәтті жүзеге асырылғаны атап өтілді. Атап айтқанда, өнеркә­сіптік кәсіпорындардың сани­тар­лық-қорғау аймақтары аума­ғында және жасыл белдеулерге бөлінген учаскелерде 40 мың жасыл желек отырғызу жөніндегі тармақ толық орындалды. Ертіс және Сілеті өзендерінің арна­ларын тазарту жұмыстары жүргі­зіліп, бұл гидро­ло­гиялық режим­нің жақсаруына ықпал етті. Сонымен қатар облыс қала­ларында қалдықтарды фрак­ция­­лар бойынша – құрғақ және ыл­ғал­ды – бөлек жинауға арнал­ғ­ан 2 мыңға жуық контейнер орнатылды.

Сонымен бірге бірқатар мін­дет бақылауда қалып отыр. Облыстың барлық аудан орта­лық­тарында сұрыптау желілері бар қатты тұр­мыстық қалдықтар полигон­дарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ мемлекет­тік орман қоры аума­ғында 12 мың орман көшетін отыр­ғызу жұмыс­тары жалғасуда.

Отырыс қорытындысы бойын­­ша экологиялық міндет­темелерді дәйекті түрде орын­даудың және өңірдегі экология­лық ахуалды жақсарту мақ­са­т­ында мемлекеттік органдардың, партияның және жұртшылықтың күш-жігерін одан әрі шоғыр­лан­дырудың маңыздылығы атап өтілді.

Елнар ЕЛТАЙ