Басты мақсат – азаматтық қоғамның дамуы

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жан­ындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға партияның Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Талғат Балтабаев, кеңес төрағасы Пердеш Есенбек және кеңес мүшелері қатысты.

Басқосуда азаматтық қоғам институттары мен мәдени сала арасындағы өзара байланысты күшейту, қоғамдық бастамаларды қолдау және шығармашылық қауымдастықтармен жүйелі әріп­тестік орнату мәселелері кеңінен сөз болды. Кеңес мүшелері мә­ден­иет қоғамды біріктіретін, ортақ құндылықтарды қалыптас­тыратын маңызды тетік екенін атап өтті.

Жиын барысында Пердеш Есенбек кеңестің жаңартылған құра­мы мен алдағы жұмыс жос­пар­ларын таныстырып, Miras кеңесінің негізгі мақсаты – қоғам мен билік арасындағы мәдени әрі рухани байланысты нығайту, зия­лы қауым мен белсенді азаматтар­дың әлеуетін тиімді пайдалану екенін жеткізді.

Өз кезегінде Талғат Балтабаев азаматтық қоғамды дамытуда мәдени бастамалардың рөлі ерек­ше екенін атап өтті.

«Мәдени байланыстар – қо­ғам­дағы сенім мен өзара түсініс­тіктің негізі. Азаматтық қоғамның дамуы тек саяси процестермен емес, мәдени ортадағы серіктес­тікпен, қоғамдық келісіммен өлше­неді. Сондықтан бұл бағыт­тағы жұмысты жүйелі түрде жал­ғастыру маңызды», – деді ол.

Сонымен қатар кеңес мүше­лері мәдени ұйымдармен, шығар­машылық ұжымдармен және қоғамдық бірлестіктермен бір­лес­кен жобаларды көбейту, жас­тардың мәдени белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы ұсыныс­тарын ортаға салды.

Жиын аясында елде өтіп жат­қан маңызды қоғамдық-саяси үдеріс­терге де қысқаша тоқта­лып, соның ішінде алдағы рефе­рен­думға шығарылатын Жаңа Кон­ституция жобасы да сөз бол­ды.

Кездесу қорытындысында Miras аймақтық кеңесі азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту ба­ғытындағы жұмыстарды жан­дан­дырып, қоғамдағы диалог пен ынты­мақтастықты нығайтуға күш салатынын жеткізді.

Елнар ЕЛТАЙ