Жанарбек Әшімжанов: Жаңа Конституция жобасында экономикалық, саяси тәуелсіздік барлығы қамтылған

Бүгін «Референдум–2026» онлайн марафоны тікелей эфирде өтіп жатыр.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Жанарбек Әшімжановтың пікірінше, жаңа Конституция тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. 

«Тәуелсіздіктің тамырына балта шабуға жасалған қадамның барлығы заңнамалық тұрғыдан талқандалуы керек. Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, барлық 11 бөлім, 96 бабының барлығы тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени, рухани, ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, азаматтардың ар-ождан бостандығы, территориялық тәуелсіздік, өзге елдермен қарым-қатынас – осының барлығы жаңа Конституция жобасында қамтылған, – деді депутат Жанарбек Әшімжанов. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Айдос Сарым Енді біз «Егемендіктің де қайнар көзі мен қорғаны — халық» дейміз деген болатын.