Алматыда интернет арқылы есірткі таратқан қылмыстық топтың 11 адамы ұсталды

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Алматы қаласы мен облыс аумағында интернет арқылы заңсыз есірткі айналымымен айналысқан қылмыстық әрекет тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыстық топтың 11 мүшесі, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржыландырған тұлғалар ұсталған.

Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар қылмыстық схеманы үйлестіруге пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар алынды.

 

Аталған дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдары интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен заңсыз өткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.