Асхат Аймағамбетов: Конституция мұғалімнің құқығы қорғалатынына кепіл болады

Бүгін «Референдум–2026» онлайн марафоны тікелей эфирде өтіп жатыр.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Асхат Аймағамбетов жаңа Конституция білім сапасын арттыруға ықпал ететінін айтты.  

«Бірінші кезекте қазіргі Конституциядағы азаматтардың мектепте ақысыз білім алу, конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алу құқықтары жаңа Конституцияда да сақталады. Мемлекеттің бұл тұрғыдағы міндеттемелері қысқармайды. Преамбулада алғаш рет ғылым-білім, инновация туралы айтылған. Мемлекет дамуының басым бағыттарының, басты қағидаттарының ішінде білім мен ғылым, инновация тұр. Жаңа Конституцияда білім саласын қаржыландыру бағыты айқындалды», – деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймғамбетов. 

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ  Преамбула өткен тарихымызды дәріптеп, еліміздің болашаққа бағдарын нақты көрсететінін айтқан болатын.