Жарқынбек Амантайұлы: «Табиғатты аялау – әр азаматтың конституциялық міндеті»

Ол бұл пікірін тікелей эфирде өткен онлайн марафон кезінде айтты.

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы «Референдум–2026» онлайн марафонында экологиялық мəдениет пен жауапкершілік жайлы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Табиғатты қорғау әр азаматтың тек жауапкершілігі ғана емес, конституциялық міндеті болады. Ірі өндіріс иелері мен инвесторлар да экологияға зиян тигізсе, жаңа Заң жобасы бойынша қатаң жазаланады», – дейді депутат.