Анна Данилина — WTA 1000 турнирінің чемпионы

Бұған дейін олар Australian Open турнирінде де чемпиондық үшін ойнаған

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирде жұптық сында чемпион атанды. Финалда ол сербиялық Александра Круничпен бірге Се Шувэй / Елена Остапенко жұбын 0:6, 7:6, 10:8 есебімен жеңді.

Екінші партияда Данилина мен Крунич 2:5 есебімен ұтылып жатып, матчболды сейв етіп, ойынды тай-брейкке жеткізді. Шешуші чемпиондық тай-брейкте олар жеңісті жұлып алды.

Бұл — қазақстандық-сербиялық жұптың биылғы екінші финалы. Бұған дейін олар Australian Open турнирінде де чемпиондық үшін ойнаған. Дүйсенбі күні Данилина жұптық рейтингте әлемнің 7-ракеткасы атанып, мансабындағы ең жоғары көрсеткішіне көтеріледі.