Жалақы 5 миллион теңге: Абат Айымбетов румыниялық футбол клубымен келісімшартқа отырды

Клуб ресми мәлімет таратты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румынияның Петролул Плоешти клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Келісім маусым соңына дейін жасалған, сондай-ақ оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Sports.kz мәліметінше, футболшының ай сайынғы жалақысы шамамен 9 мың еуро болуы мүмкін. Бұл қазіргі бағаммен шамамен 4,5–5 миллион теңге көлемінде.