Әйгерім Төреханова мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты

Қостанайда өткен Naiza 81 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіл салмақта қазақстандық Әйгерім Төреханова мен Қытай өкілі Гүлсайран Азат кездесті.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта аяқталды. Төреханова жекпе-жекті бақылауда ұстап, кейін партерге ауыстырып, тұншықтыру әдісі арқылы қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.

Аға лейтенант Әйгерім Төреханова Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Вurkit team спорттық командасының мүшесі. Бұл жеңіс Төреханованың кәсіби ММА-дегі бесінші жекпе-жегі болды. Бұған дейінгі рекорды — 4 жеңіс, 3 жеңіліс. Гүлсайран Азат кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.