Танымал кәсіпкер Олимпиада чемпионының әкесіне автокөлік сыйламақ

Кәсіпкердің айтуынша, чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 маркалы автокөлігі тарту етіледі.

Қазақстандық кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кәсіпкердің айтуынша, чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 маркалы автокөлігі тарту етіледі. Қазіргі таңда көлік Audi Almaty орталығында иесін күтіп тұр.

«Михаилға осы қуаныш пен мақтаныш сезімі үшін алғыс айтамын. Бұл – шабыт сыйлайтын, ерекше стильдегі алтын жеңіс. Осындай табыстың бастауында тұрған адамға ризашылығымды білдіргім келеді. Сондықтан Audi Q8 көлігін чемпионның әкесіне сыйға тартамын», – деді А. Томский.

Ол сондай-ақ Станислав Александровичтің кезінде ұлының арманы үшін өз көлігін сатып жібергенін еске салды. Михаилдың алғашқы бапкері болған әкесі баласының спорттағы жолына үлкен қолдау көрсеткен.

«Бір кездері ол ұлының арманы үшін өз көлігін сатты. Бүгін сол арман алтын жүлдеге айналды. Енді бұл көлік ортақ алғысымыздың белгісі болсын!», – деп жазды кәсіпкер.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Бұған дейін Димаш Құдайберген те спортшыға көлік сыйлайтынын мәлімдеген еді.