Батыс Қазақстан облысында жол уақытша жабылды

Мәліметті ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі растады.

Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жол уақытша жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәліметті ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының баспасөз қызметі растады.

Хабарламаға сәйкес, 2026 жылғы 15 ақпан сағат 13:00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал–Тасқала–РФ шекарасы автожолының 4–104 шақырым аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Жолды қайта ашу сол күні сағат 18:00-ге жоспарланған.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.