Алдағы үш тәулікте Орал таулары маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары, желдің күшеюі және боран туғызады, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес.
Алайда 18 ақпаннан бастап циклонның тылына Хельсинки маңынан жылжып келе жатқан антициклон тарай бастайды, бұл еліміздің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.
Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылыға дейін көтеріледі. Бұл Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклонның әсерімен байланысты болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.