Ақтауда әскери гарнизонда сарбаз қаза тауып, жедел тергеу жүріп жатыр

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.

2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігі  Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.

Қажетті жедел-тергеу  шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.

Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.