Бурабайда болған апат: жас қыз ауыр хәлде ауруханаға түсті

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 ақпанда Бурабай кентінде болған. Апат салдарынан жолаушы қыз бала түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жол апатынан соң өңір полициясы қарда жүретін көліктер мен квадроциклдерге қатысты жаппай тексеріс бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 ақпанда Бурабай кентінде болған. Апат салдарынан жолаушы қыз бала түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қар көлігінің жүргізушісі де зардап шеккен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, ауыр жарақат алған науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Оған санитарлық авиация арқылы нейрохирургтер шақырылып, қосымша медициналық көмек көрсету мәселесі қарастырылуда. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы ауыр.

Оқиғадан кейін полиция, әсіресе Бурабай курорттық аймағы аумағында қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтті. Құқық қорғау органдары тұрғындар мен демалушыларды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды.