Қазақстандық продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол үш келінінен Нұртас әулетіне тағы үш сәби қосылғанын айтып, әуелі қызы Аруназдың 40 күндік мерейтойын атап өтті.
Продюсердің жазуынша, бұл мереке кезінде отбасы мен құда-құдағилар арасында мерекелік көңіл күй орнаған. Әлеуметтік желі қолданушылары Гүлзираны құттықтап, жылы тілектерін білдіріп жатыр.
«Аллаға сансыз шүкірлер, үш келінімізден Нұртас әулетіне тағы үш перзент қосылып, отбасымызда кішірігім құда-құдағиларымызбен мереке-сәре болған сәттерімізді бөлісіп қояйын. Аруназ қызымызға 40 күн! Әумин деп, жүрек жылуын толтыра лайк басып, тілек жаза кетіңіздерші. Ұрпақтарыңызбен қуанып, ең бақытты сәттерді сезіну сіздерге де жұғысты болсын!», – деп жазды ол.