Коронавирус жұқтырғандар саны әлемде де артып барады
Коронавирус жұқтырғандар саны әлемде де артып барады
© Сурет ғаламтордан
166
оқылды
Грузияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирусты жұқтырғандар саны 54-ке жетті. Өткен тәулікте 5 жұқтыру оқиғасы анықталды. Болгария коронавирус жұқтырғандар саны 170 асты. "Коронавирусқа тағы 29 адам оң нәтиже берді", - деді коронавирусты таратумен күрес жөніндегі ұлттық жедел штаб бастығы Венцислав Мутафчийски. Болгарияда коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары 8 наурызда анықталды. Австрияда коронавирус жұқтырған 3 мыңнан асты. Австриядағы жаңа коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны тәулігіне 2814-тен 3026-ға дейін артты. Бұл туралы Австрияның әлеуметтік істер, денсаулық сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау министрлігі хабарлады.