Атырау облысына қарасты Доссорда 10-сынып оқушысы үйінен өлі күйінде табылды

Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі өз-өзіне қол жұмсау болуы мүмкін.

Доссор ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен 10-сыныпта оқитын қыз баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі өз-өзіне қол жұмсау болуы мүмкін. Осы дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Трагедияның нақты себептері әзірге жарияланған жоқ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыз белсенді, сабағын жақсы оқыған, сыныптастарының арасында сыйлы болған.

Баян Жанұзақова