Quartz хабарламасына сүйенген Aikyn.kz Apple-дың виртуалды көмекшісі Siri-дің ЖИ-жаңартуы қашан шығатынын болжайды.
Apple-дың ЖИ туралы «сериал-драмасы» аяқталуға жақын. Уолл-стрит Siri-дің шығу кестесін әлі де негізгі бағдар ретінде саудалап отыр. Бірақ Wedbush өз ұстанымын сақтап, Siri-дің ЖИ-жаңартуы жоспар бойынша жүріп жатқанын, ал түпкі мақсат – монетизация екенін айтады.
Компания бір жыл бойы әлі шығарылмаған өнімі үшін «баға» алып келді. Wedbush нарықты технологиялық алпауытты «алдағы уақытта не құруды жоспарлап отыр» деген өлшеммен бағалауға шақырады. Олардың айтуынша, Siri-дің ЖИ жаңартулары жазға жоспарланған күйі қалады, ал Apple-дың ЖИ платформасы 2026 жылы уәде емес, нақты өнімге айналады.
Уақтылы шығарылымымен танылған компания үшін Apple қазір керісінше факторды бастан өткеріп отыр. Оның ең ірі ЖИ жаңартуы үздіксіз кейінге шегеріле ме деген алаңдаушылық күшейді. «Дербестендірілген Siri тестілеуде қиындыққа тап болды» деген қауесеттер таралған соң Apple-дың нарықтық капитализациясы 202 млрд долларға азайды.
Инвесторлар бұл функцияның іске қосылуын сенім сынағы ретінде қабылдайды. Олар «Apple-дың ЖИ болашағын» тікелей бағалай алмайды, сондықтан жалғыз көрінетін, расталған фактіні (Siri-дің шығуын немесе кешігуін) негізгі индикатор ретінде қолданады. Сарапшылар да Apple-дың iPhone-ды тұтынушылық ЖИ дәуіріне кіретін басты «қақпаға» айналдыратын ЖИ платформасын құра алатынын білгісі келеді.
Apple Siri-дің тек функциясын емес, сыртқы бейнесін де өзгертіп жатқаны туралы деректер де бар. Bloomberg қаңтарда Apple «Campos» код атаумен өзіндегі алғашқы ЖИ чат-боты ретінде Siri-ді қайта жобалауды, оны iPhone, iPad және Mac операциялық жүйелеріне кіріктіруді жоспарлап отырғанын хабарлаған.
Алайда Wedbush бүгінде «Siri ақылдырақ бола ма?» деген сұрақтан «Siri ақылы бола ма?» деген сұрақтың маңызды екенін ескертеді. Аналитикалық жазбада «ЖИ арқылы монетизация» алдағы жылдары Apple-дың акция бағасына 75-100 доллар қосуы мүмкін делінген. Компания күзге қарай ЖИ жазылым сервисі іске қосылады деп күтеді. Wedbush бағалауынша, бұл 2,5 млрд iOS құрылғысы мен 1,5 млрд iPhone пайдаланушы базасына бағытталады.
Қазіргі сәтте Apple-ға барлық бенчмаркты ұту міндет емес сияқты. Бірақ ол финалдық өнімді көрсетуі керек, әрі жаңа өнім күтуге тұрарлық болғанын дәлелдеуі тиіс.