Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Snoop Dogg-пен кездесті (видео)

Snoop Dogg қазақстандық Олимпиада чемпионын жеңісімен құттықтады.

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Италияда америкалық танымал рэпер Снуп Доггпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында видео жарияланды. Онда танымал рэпер мен Михаил Шайдоровтың Милан қаласында кездескенін байқауға болады.

Snoop Dogg қазақстандық Олимпиада чемпионын жеңісімен құттықтады. Соңында екеуі естелік фотоға түскен.

Айта кетейік, Snoop Dogg Милан қаласында қысқы Олимпиада алауы эстафетасына қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.