Заңсыз өндірістің зардабы

Түркістан облысында заңсыз алтын өндірушілердің жолы кесіліп, бұл бағыттағы қылмыстық әрекеттердің кезекті фактісі әшкереленді.

Облыс прокурорлары мен құқық қорғау органдары бірлесіп, таяуда Созақ ауданында рұқсатсыз кен өндірумен айналысқан топты ұстады. Бұл оқиға еліміздегі жер қойнауын пайдалану саласындағы заң талаптарының сақталуы мен экологиялық қауіпсіздік мәселесінің өзектілігін тағы бір мәрте көрсеткендей.

Тергеу материалдарына сәй­кес, 12 адамнан құралған топ Созақ ауданы аумағындағы құра­мында алтыны бар жер телімдерін өз бетінше игерген. Олар тиісті лицензиясыз және рұқсат құжат­тарынсыз жер қойнауын пайда­ланып, жалпы көлемі 451 грамм алтын өндірген. Алғаш қарағанда, бұл мөлшер аса ірі болып көрін­беуі мүмкін, бірақ нарықтық со­ма­сы 30 млн теңгеден асады. Егер бұндай әрекеттер жүйелі түрде жалғасатын болса, мемлекетке кел­тірілетін экономикалық шы­ғын көлемі әлдеқайда ауқымды болары анық.

Сонымен қатар күдіктілер өндіріс барысында экологиялық талаптар мен өнеркәсіптік қауіп­сіздік нормаларын сақтамаған. Бұл тек экономикалық құқықбұзу­шылық емес, сонымен бірге қор­ша­ған ортаға және адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет болып саналады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қыл­мыс­тық кодексінің 295-бабының 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұл бап жер қойнауын заңсыз пай­да­лану және тиісті рұқсатсыз пайдалы қазбаларды өндіру факті­леріне қатысты жауапкершілікті көздейді. Егер кінә дәлелденсе, күдіктілерге айыппұл салу, мүлкін тәркілеу немесе бас бостан­дығынан айыру секілді жазалар қолданылуы мүмкін.

Қазір күдіктілердің бесеуі сот шешімімен үйқамаққа алынған. Қалған тұлғаларға қатысты бұл­тарт­пау шарасы тергеу барысында анықталуда. Тергеу органдары заңсыз өндірілген алтынның өт­кізілу арналары мен ұйымдастыру­шы тұлғаларды да анықтап жатыр.

Заңсыз кен өндірудің басты қау­пінің бірі – экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. Арнайы техни­калық талаптар сақталмаған жағ­дайда топырақтың құнарлылығы төмендеп, жер бедері өзгереді, жерасты сулары ластануы мүмкін. Мұндай әрекеттер ұзақмерзімді экологиялық зардаптарға әкелуі ықтимал. Бұдан бөлек, заңсыз өндіріс аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы­на да кері әсер етеді. Ресми түрде тіркелмеген қызмет түрі салық төлеуден жалтаруға әкеліп, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді азайтады. Бұл өз кез­егінде өңірдің инфрақұры­лымын дамытуға, әлеуметтік бағдарла­маларды қаржылан­ды­руға кедергі келтіреді.

Мамандардың пікірінше, мұн­дай құқықбұзушылықтардың ал­дын алу үшін бірнеше бағытта кеш­енді шаралар қажет. Жер қой­науын пайдалану саласындағы ба­қылауды күшейту, қашықтан зонд­тау және геоақпараттық жүйе­лер арқылы мониторинг жүр­гізу, халық арасында заң та­лаптары мен жауапкершілік тура­лы түсіндіру жұмыстарын арттыру қажет. 

Сонымен қатар пайдалы қаз­баларға бай өңірлерде жергілікті тұрғындарды заңды түрде жұмыс­пен қамту мәселесін шешу де маң­ызды. Бұл заңсыз табыс көз­дерін іздеудің алдын алуға ықпал етеді. Созақ ауданында анықтал­ған бұл дерек жер қойнауын қор­ғау мен заң талаптарын сақтаудың маңызын айқын көрсетті. Табиғи ресурстар – мемлекеттің страте­гия­лық байлығы. Оларды заңсыз әрі бейберекет пайдалану тек эко­номикалық шығын ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауап­кер­шілікке де нұқсан келтіреді. Сондықтан құқық қорғау орган­да­рының мұндай заңбұзушылық­тарға тосқауыл қоюы – тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіз­дікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Заңсыз алтын өндіру бойынша бір ғана Созақ ауданындағы дер­ек­ті келтіріп отырмыз. Алайда бас­қа өңірлерде де осындай құқықбұзу­шы­лық деректері тір­кел­ген. Лицен­зиясыз кен орындарын игеру, эко­логияға зиян келтіру, са­лық­тан жалтару және табиғи ресурстарды «қара нарық» арқылы шығару фак­тілері әлі де жиі кез­д­еседі. Табиғи ресурстар мем­ле­кет­тің стратегия­лық байлығы екен­ін ескерсек, ол­ар­ды заңсыз игеру тек экономика­лық шығын ғана емес, экологиялық теңсіздік пен әлеу­мет­тік проблема­ларға да алып келеді.

Назгүл НАЗАРБЕК, 

Түркістан облысы