Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар мектепке де, балабақшаға да бармайды

Бұл шешім еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қабылданды.

Қазақстанда қызылшаға қарсы егілмеген балаларға мектепке немесе балабақшаға баруға тыйым салынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл шешім еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қабылданды.

Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрағасы:

«Қызылша, қызамық және паротитке қарсы иммундау іс-шаралары ұйымдасқан ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру мекемелерінде қызылша тіркелген жағдайда егілмеген адамды уақытша шеттету — эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының бірі. Бұдан былай екпе егілмеген баланың сыныбында қызылша анықталса, олар уақытша оқшауландырылады. Вакцинаға қарсы көрсеткіші бар оқушы да дереу карантинге жіберіледі. Карантин мерзімі аяқталған соң ғана сабаққа немесе балабақшаға баруға рұқсат беріледі», – деді Сархат Бейсенова.

Қаулыға сәйкес, балабақшаларда вакцинация деңгейі кемінде 90 пайыз болуы тиіс. Бұл шара қызылшамен сырқаттану статистикасын төмендетуге бағытталған: жыл басынан бері екі айдың ішінде 3 мыңнан астам адам қызылшамен ауырған, олардың басым бөлігі екпе алмағандар.