Ақмола облысында алаяқтар зардап шеккен әйелге 2 миллион теңгеден астам соманы қайтарды

Сотқа дейінгі тергеу барысында олар зиянды толық өтеп, қаржыны иесіне қайтарған.

Ақмола облысында Қосшы қаласының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болып, 1,8 миллион теңгеден астам қаражатын бөтен есепшоттарға аударған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тергеу барысында шоттардың иелері анықталды. Екі күдікті де зардап шеккен әйел тұрған қалада тұрғаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу барысында олар зиянды толық өтеп, қаржыны иесіне қайтарған.