Тиімді зат сатып алу, жеңілдіктер және жоғары бонустар: ақпан айындағы Kaspi Жұманың жарқын сәттері

Ақпан айындағы Kaspi Жұма тағы да тиімді ұсыныстарымен қуантты.

12-15 ақпан аралығында төрт күн бойы Kaspi-дің серіктес дүкендері 50%-ға дейінгі жеңілдіктер мен жоғары бонустар ұсынды. Мыңдаған қазақстандықтар киім жаңартып, сыйлықтар таңдап, қажетті техниканы сатып алып, Қазақстан ішінде және шетелге турлар рәсімдеді.

Қазақстандық Qazaq Soul брен­ді этникалық нақыштағы, ерекше өрнегі бар бірегей бұйым­дар жасайды. Ал ұлттық ою-өрнегі заманауи стильмен үйлескен Asyl премиум коллекциясы ерекше мақ­танышқа себеп. Табиғи былға­рыдан жасалған сөмкелер, әмиян­дар, төлқұжат қаптары және өзге де аксессуарлар Kaspi Жұмаға арнайы дайындалған. 

«Kaspi.kz-пен 4 жылдық серік­тестік бізге өсуге үлкен мүмкіндік берді. Онлайн сатылымдарымыз­дың 50-60%-ы Kaspi арқылы өтеді. Сатып алушыларға онлайн сауда мен тегін жеткізу ұнайды. Офлайн-дүкенге көбіне тауарды көріп, өлшеу үшін келеді.

Kaspi Жұма кезінде сатылым 30-40%-ға өседі. Қазақстанның бес қаласында сату нүктелері мен жаңа жұмыс орындарын аштық. Кәсіпкерлердің тауар айналымы­ның артуы – ел экономикасына қосылған үлес. Сонымен қатар Kaspi-де Alipay арқылы төлеу мүмкіндігі бар, бұл шетелден ке­ле­тін клиенттер санын көбейтті. Олар көбіне шетелде жүрсе де, Отанымен байланысын сақтағысы келетін қазақстандықтар», – дейді Qazaq Soul сату бөлімінің жетекшісі Динара Бектемір.

«Жемчужина» зергерлік са­лондары желісі де сату география­сын кеңейтіп келеді. Қарағандыда өндірілген авторлық алтын және күміс әшекейлер Kaspi Жеткізу арқылы бүкіл Қазақстан аумағына тарайды. 

«Kaspi Жұма арқасында биз­несіміздің географиясы кеңейді. Адамдар Kaspi Жұманы біледі және сенеді: ірі әшекейлерді, саны шектеулі топтамаларды жиі сатып алады. Осы кезеңде саты­лым көлемі 15-20%-ға өседі. Бұ­йымдарды тойға, мерейтойға, сыр­ға салуға, туған күнге алады. Көп­теген маңызды сәттер зер­­герлік әшекей арқылы есте қала­ды», – дейді «Жемчужина» бөл­шек-сауда желісінің директоры Эльвира Борзилова.

Tau House отбасылық демалыс кешенінің қонақүйі, мейрамха­налары, SPA орталығы және таза тау ауасы алғашқы минуттардан-ақ өзіне баурап алады. 

2025 жылдың сәуірінен бастап мини-курортқа Kaspi Travel арқылы брондауға болады. Kaspi-мен серіктестік брендтің танымал­дылығын айтарлықтай өсірді, дейді мұндағылар. 

«Kaspi Travel – ыңғайлы, ауқы­мы кең және сенімді плат­форма. Брондау процесі жеңіл­деді. Біз туралы бұрын білмеген қонақтар келіп, кейін қайта ора­лады. Kaspi Жұма кезінде дема­лысты кейінге қалдырып жүрген­дер тур сатып алады. Геогра­фия­ның кеңеюі ішкі туризмге серпін береді. Бұл керемет, өйткені біздің Қазақстанымыздың тамаша жерлерін көзбен көруге мүмкіндік бар. 

Айта кетейін, Kaspi Жұма ке­зінде Kaspi Travel арқылы брон­даған қонақтарға негізгі тарифпен 10% жеңілдік ұсынамыз», – дейді Tau House атқарушы директоры Варвара Менжулина.

Be Fine қонақүй кешені де бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесінде шет қалмады. Kaspi Жұма қар­са­ңында қонақүй қонақ­тарына тосынсый әзірледі.

«Kaspi Жұма мен Kaspi Travel арқылы брондаған қо­нақтарға сыйлықтар жасай­мыз. Мұндай демалыстың бас­­­талғанын әлеуметтік желілерде хабар­лай­мыз. Түрлі өңірден ке­ле­тін қонақтар саны артты. Олар­дың барлығы Kaspi.kz қол­дану­шы­лары. Бізге басқа қонақ­тар қала­лар­дан көптеп келе бас­­та­ды», – дейді Be Fine менеджері Ба­тима Қайратқызы.

Almaty Resort-та тек дема­лыс қана емес, сана­то­рийлік емдеу мен са­уықтыруды да ұштастыруға болады. 

«Kaspi Travel – қонақ­­­­тар үшін ыңғайлы, экранды бір рет қана басып сатып алу мүмкіндігі бар, бұл біздің клиент­­­терімізбен өзара әреке­ті­мізді жеңілдетеді. Әртүрлі өңірден келетін қонақтар көбейіп келеді. Бұл ішкі және сауықтыру туриз­­­мін дамытуға жақсы серпін бе­ре­ді», – дейді Almaty Resort бас­­­қару­шы ди­рек­торы Еркеғали Серікжан.

Kaspi Жұма – денсау­лыққа да қамқорлық жа­саудың жақсы мүмкіндігін ұсынады. Елі­­міз­дегі әйел­дерге арналған Ya ең ірі фит­нес-студиялары желісі або­нементтерді ар­найы шартпен ұсынды. Ол арқылы үш айлық пакеттерді жеңілдетілген бағамен сатып алып, 60 мың теңгеге дейін үнемдеу мүмкіндігі пайда болды. 

«Әйелдер бізге денсаулы­ғын жақсарту үшін келеді. Kaspi Жұ­ма – үлкен мүмкіндік кезеңі. Бұл кезде келушілер саны көбейеді әрі абонементтерді тиімді ба­ғамен сатып алуға жақсы мүм­кіндік бар», – дейді мар­ке­тинг ди­ректоры Томирис Қан­ды­қа­зақова. 

Серіктес дүкендерде сатып алу­шылар легі науқан басталмай тұрып-ақ көбейеді. Адамдар та­уарларды алдын ала қарап, зер­делеп шығып, Kaspi Жұма кезінде ең тиімді бағамен, жеңілдіктермен және жоғары бонустармен сатып алу үшін қайта келеді. Көбіне оф­­лайн таңдаудан кейін тап­сы­рысты онлайн рә­­­­сім­деп, тегін жеткізуді пайда­ла­нады.

«Немерем музыка мекте­біне барады, сабаққа пианино қажет болды. Біз Kaspi Жұманы пайдаланып оны жақсы жеңіл­дікпен алдық, ал берілген қосым­ша бонусқа шаңсорғыш сатып алдық. Kaspi Жұма кезінде заттар­ды онлайн рәсімдедік. Бұл тиімді. Оған қоса жылдам, тегін жеткізіп берді. Kaspi Жұма биыл бізге ерек­ше болды», – дейді Ләззат Өмішева. 

«Жалпы, баршаға Kaspi Жұ­маны пайдалануды ұсынамын, өйткені бұл өте тиімді. Мы­салы, біз қазір жөндеу жұ­мыстарын жүргізіп жатыр­мыз, бәрі қажет. Бүгін кір жу­ғыш машина мен кептіргіш ал­дық, тағы да пісіру панелі бар», – дейді сатып алушы Динара Бекбатырова.

«Kaspi Жұма бізде өте белсенді өтеді, тауар айналымы шамамен 80%-ға артады. Сонымен қатар Kaspi Жұмада белгілі бір тауар­ларға жеңілдіктер жасаймыз. Клиенттер мысалы техниканы көп сатып алғысы келсе, дәл Kaspi Жұма кезінде келеді.

Онлайн тапсырыстар саны артып келеді. Ал офлайн дүкен­дерге клиенттер тауарды көріп, қолмен ұстап байқап, кәсіби ке­ңес алу үшін келеді», – дейді Mechta.kz супервайзері Айгүл Бейсенова. 

Kaspi Жеткізу қызметінің курьерлері еліміздің түкпір-түк­піріндегі миллиондаған мекен­жай­ға зат жеткізеді. Kaspi Жұма кезінде жұмыс күні әдеттегіден ертерек басталады. Жеткізу қыз­меттері жұмысқа қосым­ша қызметкерлерді алып, ло­гис­тиканы мұқият жоспарлайды.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін бүкіл ел аумағында 10 мың­нан астам Kaspi Postomat орна­тылған.

«Клиенттердің басым бөлігі Kaspi Postomat-қа жеткізуді таң­дайды. Жай күндері мен 20 Kaspi Postomat-ты толтырамын, ал Kaspi Жұма кезінде 35-40-қа де­йін барамын. Бұл әрі сатып алу­шы­ларға, әрі курьерлерге де ың­ғайлы. Бізге көптеген жеке ме­кен­­ж­ай­лар­ға барудың қажеті жоқ – барлық тапсырысты бір нүктеге жеткіземіз. Бұл әрі-бері жүріс санын қыс­қартады, сәйке­сінше жолдардағы кептеліс те азаяды», – дейді Irbis Logistics ком­паниясының курьері Айбек Оразақын.

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Kaspi Жұма – бұл сауда кө­лемі артып, географияны кеңейту, бизнесті ауқымдау және бүкіл ел деңгейіне шығу мүмкіндігі. Қа­зақ­стан экономикасы үшін – бұл тиімді зат сатып алу мерекесі, ол экономикалық өсімнің драйвері болып, бюджетке салық түсімде­рі­нің артуына және сауданың да­муына ықпал етеді. Ал тұтыну­шылар үшін Kaspi Жұма – қажетті әрі пайдалы тауарларды тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігі.