Қазақстандық футболшы Ислам Чесноков «Хартс» сапындағы алғашқы голын соғып, командасына жеңіс әкелді. Шотландия чемпионаты аясында өткен матчта ол бірінші таймның соңында «Фалкирк» қақпасын дәл көздеп, кездесудегі жалғыз голдың авторы атанды – 1:0.
Чесноков қатарынан үшінші рет негізгі құрамда алаңға шықты және алғаш рет «Хартс» үшін толық матч өткізді.
28 турдан кейін «Хартс» турнир кестесінде 60 ұпаймен көш бастап тұр. «Рейнджерстен» басымдығы – бес ұпай, қарсыластың бір ойыны кем. Маусым соңына дейін 10 тур қалды. Келесі кездесу 28 ақпанда өз алаңында «Абердинге» қарсы өтеді.