Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты тарап жатқан әңгімелерге байланысты мәлімдеме жасап, қызын қорғап сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әнші бұған дейін ұзақ уақыт бойы түрлі қауесет пен жаланы елемей келгенін айтты. Бірақ бұл жолы кінәсіз қызының аты аталған соң үнсіз қалуды жөн көрмегенін жеткізді.
«Көптен бері айтылған өтірік сөздерді ішіме жұтып жүрдім. Бірақ бұл жолы кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жауап беруге мәжбүрмін. Мен қызымды ешқашан тастаған емеспін және тастамаймын. Соңғы демім қалғанша оған қамқор боламын. Отбасым туралы бөтен адамдармен отырып әңгіме айтпаймын. Қызымды да, оған деген махаббаттан туған әнімді де ешкім тартып ала алмайды», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Еркеш Хасен жеке өмірін көпшілік алдында талқылауды дұрыс санамайтынын атап өтті.
«Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. "Ұлың болса, ұрыға күлме" дейді. Кейбіреулер күткендей, журналистерге сұхбат беріп, отбасылық мәселемді жария талқыға салғым келмейді. Бірге өткізген жақсы күндерімізді ел алдына шығарып, әңгіме етпеймін. Арамызда болған жайттарды әуелі Алла, сосын өзіміз ғана білеміз. Осы тақырыпты осы жерден тоқтатайық», – деді ол.