Қазақстанға келетін құрма қай елдерден импортталады?

Кейінгі жылдары көрсеткіш 32-39 мың тонна аралығында тұрақтаған.

Қазақстан құрма импортын 2014 жылғы 10,8 мың тоннадан 2021 жылы 43,1 мың тоннаға дейін арттырған, яғни төрт есе өскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайт

Кейінгі жылдары көрсеткіш 32-39 мың тонна аралығында тұрақтаған.

Ал 2025 жылы импорт 32,5 мың тоннаға дейін төмендеді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға, ал 2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға кемігенін білдіреді. Ақшалай көлемі шамамен 14,1 млн долларды құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15%-ға аз.

Негізгі жеткізуші – Иран. Оның үлесі барлық кезеңде басым болды (2025 жылы жалпы көлемнің 81%-ы). 2021 жылға дейін Иранның үлесі 96%-дан жоғары болған. Сондай-ақ Израиль, Алжир және Сауд Арабиясы елдерінен де құрма импортталады.