«Тәжірибемде өлімнен кейін «тіріліп кету» жағдайы болған...»: Қазақ патологоанатомы жұмыс барысын айтып берді

Медицина саласының ірі бағытының бірі – патологиялық анатомия.

Патологоанатомдардың қызметі қарапайым оқырманға да қызық болары анық. Себебі бұл мамандық жайында қате түсінік пен миф көп. Мамандықтың қыр-сыры жөнінде University Medical Center орталығының патологоанатом дәрігері Жанат Жалымбетовамен кең көлемде сұхбат құрған едік.

– Өз тәжірибемде де, әріптестерімнің практикасында да клиникалық өлімнен кейін «тіріліп кету» жағдайы болған емес, себебі медициналық практикада өлімді тіркеудің қатаң алгоритмдері бар. Дәрігерлер адам қайтыс болғаннан кейін кемінде екі сағат міндетті түрде бақылау жүргізеді. Осы уақытта клиникалық өлімнің биологиялық өлімге ауысу белгілері бағаланады. Биология­лық өлім бірқатар нақты, қайтымсыз өзгеріс­термен сипатталады: тері тургорының өзгеруі, бұлшық еттерде өліктік сіресу белгілерінің пайда болуы, өліктік дақтардың дененің төмен орналасқан бөлігінде қалыптасуы. Бұл белгілер толық сипатталып, медициналық құжаттамада тіркеледі.

Табыттарға батырма орнату туралы әңгімелер өткен ғасырларда медициналық диагностиканың даму деңгейі төмен болған кезеңдермен байланысты тарихи миф деп санаймын. Қазіргі медицинада өлім диагнозы дәлелді клиникалық және морфологиялық критерийлерге негізделіп қойылады. Бүгінде мұндай жағдайлардың болуына ғылыми да, практикалық та негіз жоқ, - деді дәрігер

Сұхбаттың толық мәтінің мына сілтемеден оқи аласыз