Украина Қарулы күштері бір бағытта қарсы шабуыл операциясын жүргізіп жатқанын растады. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мәліметінше, операция басталғалы бері 300 шаршы шақырымнан астам аумақ қайта бақылауға алынған.
Хабарламада негізгі мақсат қарсы тараптың Днепропетровск және Запорожье облыстары бағытында ілгерілеу жоспарын тоқтату, сондай-ақ қарсы күштер тобын ығыстыру екені айтылған. Украин әскері шабуылдарға тойтарыс беріп, бір мезгілде алға жылжу әрекеттерін жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Операция барысында сегіз елді мекенде бақылау қалпына келтірілгені көрсетілді. Әскери өкілдер жағдайдың өзгермелі екенін және операцияның белсенді кезеңі жалғасып жатқанын атап өтті.