Президент Astana Team балалар хоккей командасын халықаралық турнирдегі жеңісімен құттықтады

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы оқиға екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.  

Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.