Осы бағытта «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасарлары Ербол Байқонысов пен Талғат Балтабаев бастаған насихаттық топ «Есіктен есікке» акциясын ұйымдастырды.
Жұмысшы топ құрамында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен еріктілер болды. Олар қала орталығындағы бірқатар үй мен кәсіпкерлік нысандарын аралап, азаматтармен тікелей жүздесіп, алдағы референдумның маңызын түсіндірді. Акция аясында арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, саяси науқанға қатысты толық мәлімет берілді.
Акция барысында Ербол Байқонысов тұрғындарды белсенді болуға шақырып, референдум әр азаматтың өз пікірін білдіруге берілген мүмкіндік екенін атап өтті.Тұрғындар насихаттық топ мүшелерінің түсіндіру жұмыстарын оң қабылдап, референдумға қатысуға ниетті екендерін білдірді. Сонымен қатар мұндай үгіт-насихат шаралары тек тұрғын үйлермен шектелмей, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарда да жалғасуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – халыққа толық әрі қолжетімді ақпарат жеткізіп, саналы таңдау жасауына жағдай қалыптастыру.
Елнар ЕЛТАЙ