Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді. 

Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.