Петропавл қаласында оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалады деген жалған ақпарат таратқан жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқушы Telegram желісінде арна ашып, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жоспарланғаны туралы хабарлама жариялаған. Сонымен қатар, ол қауіптің алдын алу сылтауымен ақша аударуды талап еткен.
Кейін бұл ақпаратты өз атынан аталған мектеп оқушыларына мессенджер арқылы таратқан. Полиция қызметкерлері жасөспірімді жедел түрде анықтады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның ата-анасына ірі көлемде айыппұл салу мәселесі қарастырылып жатыр.