«Қасиетті айда сүйіктісіне сөз салды»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығын жеткізді

Астанадан көп қонақ сыятын мейрамхана іздеп жүргенін айтты.

Тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, ұлы Даниял сүйіктісіне сөз салған. Ене атануға дайындалып жүрген тележүргізуші енді Астанадан көп қонақ сыятын мейрамхана іздеп жатқанын айтты.

«Қасиетті айда Даниял сүйіктісіне сөз салды», - деп жазды ол. 

Сонымен қатар ұлы әскерде жүргенде болашақ келінін жақын танығанын атап өтті. Сол кезде оның адал, сабырлы және ұлын шын сүйетінін байқаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.