«Хейтерлерге арнаймын...»: Ерболат Құдайберген жаңа ән шығарды (видео)

Ән «Ләтір-ләй» деп аталады.

Әнші Ерболат Құдайберген жаңа әні жарыққа шыққанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ән «Ләтір-ләй» деп аталады. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әнін хейтерлеріне арнағанын жеткізді.

“Сұхбатқа шақырып сөз көбейтпей, жауапты өлеңіммен қабыл алыңыздар. Ақкөңіл, шынайы уайымдаған тыңдармандарыма алғысым шексіз. “Ләтір-ләй” хейтерлер мен көз жеткізбестен менің атыммен видеоны шығарып отырған парақшалардың иелеріне арнаймын”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, жақында әншіні полиция қызметкерлері ұстап, наркологиялық бөлімге апарғаны жайлы видео тараған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.