Бағлан Кенжебек «Странджа» турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
55 келідегі Бағлан Кенжебек 1/8 финалда Өзбекстан спортшысы Абдулазиз Абдуназаровпен жолықты. Өте тартысты өткен айқаста отандасымыз жеңіске деген құштарлығын көрсетіп, 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.
Айта кетейік, Бағлан Кенжебек кеше 2 дүркін Еуропа чемпионы Ниджат Гусейновты жарыс жолынан шығарған еді.
Болгариядағы бәсекенің екінші күнінде 15 отандасымыз өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.