Илья Калинин «Странджа» турнирінде мінез танытты

65 келідегі Илья Калинин 1/8 финалда Әзербайжан өкілі Заур Кахрамановпен кездесті.

Илья Калинин «Странджа» турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

65 келідегі Илья Калинин 1/8 финалда Әзербайжан өкілі Заур Кахрамановпен кездесті. 

3 раундқа жалғасқан бәсекеде төреші отандасымыздың бір ұпайын шегеріп, есеп ашса да, Илья 4:1 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, Болгариядағы бәсекенің кезекті жарыс күні аяқталды. 12 боксшымыз «Странджа» турнирінің екінші күнінде жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.