«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады.

Елімізде «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Оқу-жаттығу 2026 жылғы 25-27 ақпан аралығында Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем мезгіліндегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі. Үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Астана қаласындағы ҚР ТЖМ  Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында орналасты.

Оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің түкпір-түкпірінде ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады. Жаттығу барысында «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі, 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11.00-де еліміздің өңірлерінде барлық сирена-сөйлеу қондырғылары мен электрсиреналары қосылды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.