Нұр-Сұлтанда блокпосттан өтпек болған жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Нұр-Сұлтанда блокпосттан өтпек болған жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Фото: Интернеттен алынды
116
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, 30 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі мас күйінде Қосшы аулы аймағындағы блокпосттан өтпек болған. «Ер адам төтенше жағдай жарияланған аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәртібіне бағынбады. Полиция қызметкерлері оны ұстады», – деді полицей. Оқиға 22 наурыз сағат 03:35-те болған. Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты көлік иесін 15 тәулік мерзімге қамауға алуға және 7 жылға жүргізуші құқығынан айыруға қаулы шығарды. Сондай-ақ, оған 40 АЕК (100 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы толығымен карантинге жабылды. Қала сыртында барлығы 7 блокпост қойылған.