Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді.
«26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ертең Өскемен және Қызылордада оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн оқиды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.