Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жеке өмірі туралы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында жақында қалыңдық атануға ниетті екенін жеткізді. Бірақ сүйіктісі туралы толық ақпарат бермеді.
"Менің басым бос емес. Жарты жылдан кейін нақтырақ айтамын. Тойыма шақырамын. Сүйіктім бүгін осында, жабық көрсетілімге келді", - деді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.