Республиканың басым бөлігінде көктайғақ пен тұман болады

Елдің оңтүстігі мен орталығында күшті жауын-шашын мен боран күтіледі.

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жылдың 26-27 ақпанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

26 ақпанда Түркістан облысында жауын-шашын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шымкент қ.: 26 ақпанда  жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-9 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Түркістан қ.: 26 ақпанда  жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

 26 ақпанда күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар, көктайғақ күтіледі. 26-27 ақпанда облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман. 26-27 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні – 23-28 м/с.

Талдықорған қ.: 26 ақпанда күндіз тұман, көктайғақ күтіледі.

 26 ақпанда түнде Алматы облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда  екпіні – 24-29 м/с.

Алматы қ.: 26 ақпанда күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с.  

Қонаев қ.: 26 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні – 15-20, кей уақытта 25 м/с.  

 26 ақпанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 26 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні – 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28м/с күтіледі.

 26 ақпанда Қызылорда облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде облыстың орталығында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде күші 15-20, облыстың орталығында, шығысында 23-28 м/с, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда қ: 26 ақпанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей уақытта көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

 26 ақпанда түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Жезқазған қ.: 26 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 26 ақпанда Қарағанды облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с.

 26 ақпанда түнде Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 26 ақпанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

 26 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, Аягөз ауданында 15-20 м/с.

 26 ақпанда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 26 ақпанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.  

 26 ақпанда  Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 26 ақпанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

 26 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 26 ақпанда тұман күтіледі.