Астанадағы құрылыс жанжалы: 8,2 миллиард теңге жымқырған үлестік құрылыс дауы сотқа жетті

Іс-әрекеттері 426-дан астам отбасының мүдделеріне 8,2 миллиард теңге көлемінде аса ірі залал келтіруге әкеп соққан адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен азаматтардың қаражатын үлестік құрылысқа заңсыз тарту дерегі бойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-әрекеттері 426-дан астам отбасының мүдделеріне 8,2 миллиард теңге көлемінде аса ірі залал келтіруге әкеп соққан адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып«Оазис»,  R-Club  және  R-ClubDeluxe  тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталды.

Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды.

Күдікті 12 тұлғаларға қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан аулақ болуға және өз құқығыңызды қорғауға көмектеседі.