Семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі София Актаева Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз рапирамен семсерлесуден жартылай финалға дейін жетті.
София финалға шығу үшін өткен кездесуде қытайлық Чжу Линьлиньмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Қытай спортшысы 14:15 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша София Актаева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.