Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті. Басқарма мәліметінше, ауа райына байланысты осындай шешім қабылданған.
«2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына ( ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.