Щучинск қаласында болған газ жарылысынан жөнінде тың ақпарат тарады. Қайғылы оқиға жөнінде Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек ресми түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің мәліметінше, 26 ақпан күні түнгі сағат 22.01-де Щучинск қаласындағы Бурабай аудандық ауруханасына “Центр плова”дәмханасынан шақырту түскен.
– Зардап шеккендерді эвакуациялауды ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп жедел жәрдемнің 4 бригадасы жүргізді. Оқиға орнында 5 адам қаза тапты, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды. Қазір Щучинск аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр халдегі 4 науқас жатыр, 3 науқас травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауда. 6 науқас Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланды, – дейді Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.