Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысы бойынша Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов жағдайдың жедел бақылауға алынғанын хабарлады. Аудан әкімінің мәліметінше, қазіргі уақытта ауыр қайғылы жағдайға ұшыраған отбасыларға бір реттік материалды жәрдем төленбек, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Бурабай ауданы әкімінің мәліметінше, қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты арнайы жедел штаб құрылған.
– Жағдай дереу бақылауға алынды, жедел штабтың құрылды. Қайғылы оқиғаның салдарынан 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты. Олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бала бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілуде. Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі. Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды. Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетілуде, – дейді Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов.
Қазіргі уақытта трагедиялық жағдайға байланысты барлық шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы