Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері қанша екені белгілі болды

Қор мәліметінше, зейнетақы төлемінің көлемі азаматтың жинақ сомасына және жинақтаушы жүйеге қатысу ұзақтығына тікелей байланысты.

Қазақстандағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаңтар айындағы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қор мәліметінше, зейнетақы төлемінің көлемі азаматтың жинақ сомасына және жинақтаушы жүйеге қатысу ұзақтығына тікелей байланысты.

«Төлемнің ең жоғары мөлшеріне шектеу жоқ: зейнетақы жинағы неғұрлым көп болса, жинақтаушы зейнетақы көлемі де соғұрлым жоғары болады»,  делінген хабарламада.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қордан төленетін ай сайынғы төлемдер 32 360 теңгеден басталып, 900 мың теңгеден асқан.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы зейнетақы мөлшері 900 мың теңгеден асып отыр.