2025/2026 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финал кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жеребе нәтижесінде Еуропаның үздік клубтары өз қарсыласын анықтады.
1/8 финал жұптары:
Реал Мадрид – Манчестер Сити
Буде-Глимт – Спортинг
ПСЖ – Челси
Барселона – Ньюкасл
Ливерпуль – Галатасарай
Атлетико Мадрид – Тоттенхэм
Аталанта – Бавария
Байер – Арсенал
Бұл кезеңдегі матчтар екі ойыннан тұрады. Алғашқы кездесулер 10-11 наурыз күндері өтсе, жауапты матчтар 17-18 наурызға жоспарланған.
1/8 финалда бірқатар тартысты жұптар анықталды. Әсіресе «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» арасындағы текетірес, сондай-ақ «ПСЖ» бен «Челси» арасындағы матч жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Сонымен қатар «Барселона» – «Ньюкасл» және «Аталанта» – «Бавария» жұптары да шиеленісті ойындар болуы мүмкін.
Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі басталар сәт жақындап қалды. Алдағы матчтар футболсүйер қауымға нағыз мерекелік атмосфера сыйлайтыны сөзсіз.