Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джули Стаффт Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

АҚШ елшісі аталған Ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.